Background

AIMS: VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясы серіктестеріміздің қатарына қосылғанын маңызды қадам деп бағалаймыз

2/23/2026

VIETJET QAZAQSTAN цифрлық трансформация және бизнес үдерістерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Экипажды басқару және ұшу операцияларын бақылау сапасын арттыру мақсатында әуе компаниясы авиация саласына арналған кешенді бағдарламалық шешімдерді әзірлейтін алдыңғы қатарлы AIMS компаниясымен ынтымақтастық орнатты. AIMS Crew Management and Operations Control жүйесі маршруттық желіні дамытуға, операциялық тиімділікті арттыруға және компанияның тұрақты түрде дамуына ықпал етеді деп жоспарланып отыр.

«Тиімділікті арттыру және инновацияға бағытталған мақсаттарымызға сай келетін тәжірибесі мен технологиялары бар AIMS компаниясымен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Бұл жүйе экипажды басқару үрдісін жетілдіруге, ұшу операцияларының сенімділігін арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», – деді VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Франческ Торрес.

«VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясының серіктестеріміздің қатарына қосылғанын маңызды қадам деп бағалаймыз. Бұл ынтымақтастық әуе компанияларын деректерге негізделген, икемді шешімдермен қолдау арқылы олардың тиімділігін арттыруға деген ұстанымымызды айқындайды», – деп атап өтті AIMS компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Джордж Бетенис.

VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясында AIMS жүйесін енгізу жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында өз мәресіне жетті.

 

VIETJET QAZAQSTAN туралы

VIETJET QAZAQSTAN (“Qazaq Air” АҚ) – ішкі және халықаралық бағыттарда ұшатын отандық әуе компаниясы. 2025 жылы Qazaq Air және Вьетнам мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші әуе компанияларының бірі VietJet стратегиялық серіктестік туралы жариялап, VIETJET QAZAQSTAN жаңа брендін таныстырған болатын. Аталған әуе компаниясы International Air Transport Association (IATA) ұйымының ресми мүшесі әрі 2018 жылдан бері IATA Operational Safety Audit (IOSA) қауіпсіздік аудитінен сәтті өтіп келеді. Қосымша ақпарат www.vietjetqazaqstan.kz сайтында орналасқан.

AIMS туралы

AIMS – ұшу қызметін басқаруға арналған шешімдер әзірлейтін, 43 жылдың ішінде әлемнің түрлі елдерінде 235-тен астам жобаны жүзеге асырған жетекші компания. Компанияның озық әрі негізгі өнімі – AIMS Crew Management and Operations Control жүйесі. Бұл жүйе экипаж бен әуе кемелерін жоспарлау бойынша жұмыстарды оңтайландырып, операциялық тиімділікті арттыруға, авиациялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және шығындарды қысқартуға көмектеседі. Толығырақ ақпарат www.aims.aero сайтында қолжетімді.

AIMS: VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясы серіктестеріміздің қатарына қосылғанын маңызды қадам деп бағалаймыз | Vietjet Qazaqstan | Vietjet Qazaqstan